Дастан Сәтпаев «Челси» клубындағы алғашқы ойынында гол соқты (ВИДЕО)

Бүгін, 15:00 / Інжу Әлихан

Аустралияның Сидней қаласында маусым алдындағы турнеде жүрген лондондық «Челси» клубы аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесудің 6-минутында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты. 

Бұған дейін қазақстандық футболшы «Челсидің» базасында жабық режимде өткен «Кроули Таунға» қарсы кездесуде алғаш рет алаңға шыққан болатын.

Енді «Челси» 1 тамызда Англияның «Тоттенхэм» клубымен жолдастық кездесу өткізеді.

Тэгтер:

Дастан Сәтпаев