Жаңалықтар

Алматы түбіндегі Қырғауылды өзені тасыды

ашық дереккөзі

Алматы түбіндегі Қырғауылды өзені тасыды

Толастамай жауған жаңбырдың салдарынан Қырғауылды өзенінің суы аңғарынан асып, саяжай үйлерін су басты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев хабарлаған көрінеді.  Облыстық ТЖД мәліметінше, құбыр өткізгіштері қоқыспен бітеліп қалған, салдарынан өзеннің кей тұстарында су деңгейі көтерілген. Қарасай ауданын, Райымбек ауылын, "Ақсай-19", "Торпеда", "Труд" саяжай қоныстарын су басқан. Сондай-ақ, Алматы-Жандосов тасжолын су алды (23-ші шақырым). Облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда су алған елді мекендерге жолдар жабық, ал тасжолдар ашық тұр. "Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды", - деді Жұртбаев. Алматыда бір түн ішінде жауын-шашынның айлық нормасының үштен бірі түскен, - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 60 учаскені су алған. "Алматы қалалық ТЖД, қаланың Құтқару және коммуналдық қызметтері су сору шараларын жүргізіп жатыр. 369 адам іске жұмылған, 55 дана техника және 24 мотопомпа тартылған", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.