Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бірыңғай цифрлық экожүйесін іске қосты

Бүгін, 14:11 / Алуа Арман

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық трансформациялау бағытындағы ең ауқымды жобалардың бірін аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТМД елдерінің арасында алғаш рет төмендегі бағыттарды біріктірген бірыңғай цифрлық экожүйе құрылды:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;

декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;

зертханалық зерттеулер;

кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;

халықты вакцинациялау мониторингі.

Бұрын бұл мәліметтер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, көптеген үдерістер қолмен жүргізілсе, бүгінде барлық ақпарат бір платформада нақты уақыт режимінде жинақталып, талданады.

Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындамай тұрып-ақ олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

Денсаулық сақтау министрлігі