Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогінде тоғыз медаль жеңіп алды

Бүгін, 12:31 / Алуа Арман

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогінде 9 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін), Архат Өтеген (90 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (78 келіден жоғары), Әлішер Слямжанова (90 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін), Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Тэгтер:

Медаль дзюдо Азия кубогі