Атырау облысында полицей түнде жоғалып кеткен баланы 10 минутта тапты (ВИДЕО)

Бүгін, 11:30 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Атырау облысында түн ортасында жоғалған бүлдіршінді полицей 10 минут ішінде іздеп тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, 25 шілде күні сағат 00:30 шамасында Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Қамидоллин қызмет атқару барысында кішкентай қыздың жоғалғаны туралы хабарлама алды.

Хабарлама түскен сәттен бастап уақыт оздырмай іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Полицей жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды және өзге де ықтимал бағыттарды мұқият тексеріп, жедел іздеу шараларын жүргізді.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде бүлдіршін 10 минут ішінде аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.