«Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Олжас Нұралдинов, Константин Логутов және партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бесқұлтанов «Magnum» ЖШС-нің бас кеңсесінде еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында Олжас Нұралдинов «Ақ жол» демократиялық партиясының саяси бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – сайлау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
Сонымен қатар Олжас Нұралдинов партияның шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бастамалары туралы айтты. Оның сөзінше, «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған Мәжіліс пен өңірлік мәслихат депутаттары бөлшек сауда салығын төмендету мәселесі бойынша бірнеше рет депутаттық сауал жолдаған.
Кездесуді кейін Құрылтай депутаттығына кандидат Константин Логутов жалғастырды. Ол партия депутаттарының салық саясатына қатысты ұстанымын жан-жақты түсіндіріп, шағын және орта бизнеске түсетін фискалдық жүктемені арттыруға жол бермеу, салық мөлшерлемелерін төмендету және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету бағытындағы жұмыстары туралы айтты.
«Magnum» ЖШС қызметкерлері партия кандидаттары бастамашы болған нақты заң жобалары туралы сұрақ қойған кезде, кандидаттар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Салық кодексі, сондай-ақ Парламенттік оппозиция туралы заң жобалары жөнінде мәлімет берді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті – Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Сайлау бюллетенінде Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы №6 нөмірімен көрсетілген.