Қазақстан Халық партиясы Ақмола облысындағы сауықтыру лагері ұжымымен кездесті

27 шілде, 2026 / Інжу Әлихан
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясының өкілдері сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аясында Ақмола облысындағы «Жас Дәурен» балаларды жыл бойы сауықтыру лагерінің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тараптар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Еңбек ұжымы өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Штаб өкілдері жиын барысында Қазақстан Халық партиясының қызметі, негізгі басымдықтары және сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ бағдарламаның негізгі бастамалары мен алдағы жоспарлары таныстырылды.

Кездесу барысында азаматтармен тікелей пікір алмасып, қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға ерекше назар аударылды. Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындардың ұсыныс-пікірін ескеріп, ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

Қазақстан Халық партиясы