«Байтақ» жасылдар партиясы және аңшылар мен балықшылардың AYALA ұлттық палатасының бастамасымен қолға алынған «Табиғат – ұлттық мұра» республикалық дөңгелек үстелдер циклінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында өткен кездесуге жасылдар партиясының республикалық штаб өкілі, натуралист, номадтанушы, Батыржан Сейдомар қатысты. Басқосу барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми әлеуетін күшейту, табиғатты қорғау ісіндегі инспекторлардың рөлі, биоалуандықты сақтау және экологиялық саясатты жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық сараптамалық дөңгелек үстелдер циклі алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасады. Бұл – табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер пысықталып, талқыланатын тұрақты пікірталас алаңына айналмақ.