Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы өкілдері «Қызыл Жұлдыз» елдімекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шара барысында партия өкілдері филиалдың қызметі туралы баяндап, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.
«Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы бірнеше бағытта қамтыған. Олар – жасыл экономиканы дамыту, экологиялық қауіпсіздікті күшейту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген» - деді филиал төрағасы Нұрсұлтан Өмірбаев.
Тұрғындар өздерін толғандырған түйткілдерді ашық айтты. Оларды алаңдатқан мәселелер қатарында суару жүйесін жетілдіру, саябақтарды абаттандыру, демалыс орындарын көбейту, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды жолға қою және электр энергиясының жиі өшуі. Партия өкілдері барлық ұсыныс пен өтініш назарға алынып, әр іс бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі деді.