Жүріп бара жатқан көліктен салют атқан бозбалаға айыппұл салынды

Бүгін, 10:02 / Алуа Арман
istockphoto.com

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық және пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану фактілері бойынша 18 жастағы азамат С.-ға қатысты екі істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы шілдеде азамат С. «Audi» маркалы жылжымалы автокөліктің ашық люкінен «салют» атқан. Осылайша, С. пиротехникалық бұйымдарды қолданудың белгіленген тәртібін, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзып, құрметсіздік танытқан.

Сотта азамат С. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот, кінәні мойындауды, өкініш білдіруді және ауырлататын мән жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Сот қаулыларымен С. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі және 436-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған әрбір бап бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 121 мың теңгені құрады.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Айыппұл Тараз салют бозбала фейерверк