Құтқарушылар Каспий теңізінде жағаға жете алмай қалған 5 жасөспірімге көмектесті

Бүгін, 09:10 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері бес жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, жасөспірімдер шомылу кезінде теңіздегі қатты толқынның салдарынан жағаға өздігінен жете алмай қалған. Оқиғаға жедел әрекет еткен құтқарушылар оларды дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып, жағаға жеткізді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, дауылды ауа райында суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.