Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы тосын мәлімдеме жасады

27 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жарақаттан кейінгі оралуы тағы кейінге шегерілуі ықтимал. Спортшыны емдеп жүрген дәрігер Михаил Маркуарт оның биыл жекпе-жек өткізбеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Unforgettable MMA порталының хабарлауынша, медициналық штаб Рахмоновқа 2026 жылдың соңына дейін октагонға шығуға рұқсат беретін қорытынды бермеуі мүмкін.

Алдын ала болжам бойынша, қазақстандық файтер UFC-ге 2027 жылдың көктемінде ғана оралуы ықтимал. Дегенмен нақты мерзім спортшының оңалу барысы мен медициналық тексерулердің нәтижесіне байланысты болады.

UFC рейтингінен уақытша шығарылды

Шавкат Рахмоновтың ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбей, тізе жарақатын емдеуі UFC-дің жартылай орта салмағындағы жағдайға да әсер етті.

Қазақстандық спортшы бір жарым жылға жуық уақыт бойы октагонға шықпағандықтан, UFC-дің ресми рейтингінен уақытша алынып тасталды.

Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол әлі күнге дейін жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық UFC файтері саналады.