Бүгін Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округінде «Таза ауыл» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға «Ауыл» партиясынан Құрылтайға кандидаттар Самал Нугманова мен Камшат Тулеуова қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Экологиялық акция «Auyl Jastary» жастар қанатының өкілдерін, ауыл тұрғындары мен белсенді жастарды біріктірді. Қатысушылар елді мекендегі қоғамдық аумақтарды тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Іс-шара барысында кандидаттар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бастамалар туралы айтып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ азаматтарды 23 тамыз күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.