Биржада доллар бағасы түсті

Бүгін, 17:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 2,58 теңгеге төмендеп, 473,40 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 24 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 476,07 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,97 теңгеден сатып алынып, 476,97 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 534,96 теңгеден сатып алып, 544,96 теңгеден сатуға болады. Ал Ресей рублі 5,70 теңгеден сатып алынып, 6,10 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы орта есеппен 472,65 теңгеден сатып алынып, 475,14 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 537,34–542,33 теңге аралығында болса, рубль 5,65–5,79 теңге аралығында саудалануда.

Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 472,31 теңгеден сатып алынып, 474,70 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 536,81–541,81 теңге аралығында, ал рубль 5,69–5,75 теңге аралығында.

Еске салсақ, 24 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 9,85 теңгеге өсіп, 476,07 теңгені құраған болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам