Әнші Алтынай Жорабаева жаңа құдаларын шаңырағында қарсы алып, қуанышты сәттен әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, достық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин!», – деді ол