Әлемде мұнай бағасы түсті

Бүгін, 12:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

27 шілде таңертең Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыстың бәсеңдеуі мүмкін екені туралы хабар тараған соң әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Oilprice порталының мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 92,48 АҚШ долларына дейін арзандап, алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 4,44%-ға төмендеген. Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 4,77%-ға төмендеп, бір баррелі 85,07 АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар, ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 4,37%-ға өсіп, бір баррелі 84,26 АҚШ долларына саудаланды.

Бағаның төмендеуіне Иранның АҚШ тарапынан бітімнің сақталуы жағдайында соққыларды тоқтатуға дайын екені туралы мәлімдемесі себеп болды.

Бұған дейін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы шабуылдарды күшейту жоспарын кейінге қалдырғанын хабарлаған болатын. Кейінірек Тегеран АҚШ-тың Иран аумағына жасаған шабуылдарын тоқтатқаннан кейін Парсы шығанағы елдеріне бағытталған соққыларын доғарғаны белгілі болды.

Осыған дейін мұнай бағасы мамыр айынан бері алғаш рет бір барреліне 100 АҚШ долларынан асқан еді. Бағаның өсуіне Иран қолдайтын Йемендегі хуситтердің Қызыл теңізде Сауд Арабиясына тиесілі екі мұнай танкеріне шабуыл жасағаны туралы мәлімдемесі түрткі болған.

Тэгтер:

мұнай бағасы