Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирде тағы екі медаль жеңіп алды

Бүгін, 12:05 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнирінде тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дулат Ералхан U13 жас санатының финалына дейін жетіп, өзбекстандық Амир Шириевке жол берді. Осылайша отандасымыз күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ осы жас санатында Олег Яковлев қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық сында үшінші орын алған еді.

Тэгтер:

Алматы теннис