Қытайдың оңтүстігінде "Хунся" тайфуны салдарынан 700 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетті. Қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, түрлі құрылыс нысандары мен инфрақұрылым бүлінді. Зардап шеккендер бар.
Гуандун, Цзянси және Хунань провинцияларында ұзақ уақыт нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кейбір елді мекендердің көшелерін су басқан.