Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогінде 9 медаль жеңіп алды

Бүгін, 19:59 / Нұрлан Әлинұр
фото: ҚДФ

Қытайдың Макао аймағында дзюдодан жастар арасында Азия кубогі өтті. Аталған жарысты Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Азия кубогіне 15 елден 180 жас татами шебері қатысты. 

Алтын медаль:

Мұрат Ерхан (-60 кг) 
Исатаев Нұрлан (-66 кг)
Өтеген Архат (-90 кг)

Күміс медаль:

Алмабек Абылай (-60 кг) 
Слямжанов Әлішер (-90 кг)
Думанқызы Айымзада (+78 кг)

Қола медаль:

Абай Жанаділ (-60 кг)
Тұрсынбек Али (-90 кг)
Иботолла Аниса (-70 кг)