Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызметі республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.