«Байтақ» партиясы «Табиғат – ұлттық мұра» жобасын іске қосты

Бүгін, 22:30 / Дана Ізтілеуова

Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясы AYALA Ұлттық аңшылар мен балықшылар палатасымен бірлесіп, «Табиғат – ұлттық мұра» жобасын іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бастама ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамытуға бағытталған.

24 шілдеде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жоба аясындағы алғашқы сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар биоалуантүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, экологиялық туризмді қолдау, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар табиғатты қорғау — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Табиғат – ұлттық байлық. Оны сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз» екенін ұйымдастырушылар атап өтті.