Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Омбыға барады

Бүгін, 09:00 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде.