Әйел адам неке жүзігін тағамын деп саусағынан айырылып қала жаздады

24 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Мәскеуде әйел неке жүзігінің салдарынан ауыр жарақат алып, қол микрохирургиясы орталығына жеткізілді. Саяжайда жұмыс істеп жүрген кезде оның жүзігі қоршаудың шығыңқы бөлігіне ілініп қалған​​​​​​​, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйел қолын шұғыл тартып алған сәтте саусағы жұлынып кете жаздаған. Оқиға туралы "Московская медицина" Telegram арнасы хабарлаған.

Микрохирург Александр Сухинин мұндай жағдайда дәрігерлердің басты міндеті қан айналымын мүмкіндігінше тез қалпына келтіріп, саусақты сақтап қалу екенін айтты.

"Біз сүйектерді, сіңірлерді, жүйкелерді, қан тамырлары мен жұмсақ тіндерді кезең-кезеңімен қалпына келтірдік", – деді дәрігер.

Қол микрохирургиясы орталығының басшысы Георгий Назарян жарақат алу қаупі бар жұмыстарды орындамас бұрын барлық әшекейді шешу қажет екенін ескертті.

Оның айтуынша, қолды күрт тартқан кезде жүзік саусақтан сырғып шықпай, жұмсақ тіндерді қатты қысады. Соның салдарынан тері, қан тамырлары, жүйкелер мен сіңірлер зақымдануы мүмкін. Сондықтан мұндай жарақат аса күрделі саналады.

Операция сәтті өтті. Қазір науқас саусағының қызметін қалпына келтіруге бағытталған оңалту курсынан өтіп жатыр.

Тэгтер:

Саусақ