"Челси" футбол клубы Дастан Сәтпаевқа қатысты қуанышты хабарды айтты

24 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев "Челсидің" Аустралия мен Азия елдерінде өтетін маусым алдындағы турға баратын құрамына енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Лондондық клубтың 27 футболшысы Сиднейге аттанып, жаңа маусымға дайындықты бастайды. Тур барысында бас бапкер Хаби Алонсо ойыншылардың мүмкіндігін бағалап, команда ішіндегі байланысты күшейтуді көздейді.

"Челси" сапар аясында бес жолдастық кездесу өткізеді. Матчтардың барлығы CFC+ платформасында тікелей көрсетіледі.

Алғашқы ойында ағылшын клубы Аустралияның A-League чемпионатында өнер көрсететін "Уэстерн Сидней Уондерерс" командасымен кездеседі. Матч 28 шілдеде Сиднейдегі Accor стадионында өтеді.

1 тамызда осы аренада "Челси" мен "Тоттенхэм" арасында Лондон дербиі ұйымдастырылады. Одан кейін команда Гонконгке аттанып, 5 тамызда туриндік "Ювентуспен" ойнайды.

8 тамызда лондондықтар Индонезия астанасы Джакартадағы GBK стадионында «Миланмен» кездеседі. Маусым алдындағы тур 9 тамызда Малайзияда аяқталады. Соңғы матчта "Челси" "Джохор Дарул Та’зим" клубымен күш сынасады.

"Челсидің" турға баратын құрамы

Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Роберт Санчес, Тед Керд, Тедди Шарман-Лоу.

Қорғаушылар: Джош Ачимпонг, Тосин Адарабиойо, Аарон Ансельмино, Леви Колуилл, Уэсли Фофана, Йоррел Хато, Марко Палестра, Мамаду Сарр, Тайо Субулойе.

Жартылай қорғаушылар: Лэндон Эменало, Дарио Эссуго, Омари Келлиман, Ромео Лавиа, Мадхи Николл-Джазули, Реджи Уолш, Реджи Уотсон.

Шабуылшылар: Лиам Делап, Джейми Гиттенс, Райан Кавума-Маккуин, Коул Палмер, Жоау Педру, Дастан Сәтпаев, Эстевао Виллиан.

Тэгтер:

Футбол Челси Дастан Сәтпаев