Қазақ ватерполшылары Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшелік топтары арасындағы су спорты түрлерінен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, финалда отандастарымыз Жапония құрамасына 8:12 есебімен есе жіберді. Ал қола медаль үшін өткен ойында Сингапурды ұтқан Қытай спортшыларына бұйырды.
Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы турнирді 4-орынмен аяқтады.