Атырау облысында мылтық оғын заңсыз сақтаған азаматқа айыппұл салынды

Бүгін, 17:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Махамбет ауылындағы үйінде  ішкі істер органдарында тіркелмеген 4 дана 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығының патронын заңсыз сақтаған.

Сотта Е. кінәсін толығымен мойындап, соттан өзін қатаң жазаламауды сұрады.

Сот Е.-ні кінәлі деп танып, оның мүліктік жағдайын, кінәсін мойындауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, салынатын айыппұлдың жалпы сомасы 30%-ға қысқартылып, оған 60 550 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

4 дана 12 калибрлі аңшылық тегіс ұңғылы мылтықтың патроны мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Айыппұл Атырау облысы оқ мылтық аңшы патрон