Алматы облысында алкогольді заңсыз сатқан 240 сауда нысаны жауапқа тартылды

Бүгін, 16:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысының прокуратурасы алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тек екі демалыс күні – 10 және 11 шілдеде облыс прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар барысында:

- алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарын бұзудың 7 фактісі анықталды;

- Қонаев қаласының жағалау аймағындағы демалыс орындарында алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің 3 фактісінің жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды;

- заңсыз айналымнан 1100-ден астам алкоголь өнімі тәркіленді;

- қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 51 фактісі анықталды;

- көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарудың 6 фактісінің жолы кесілді;

- алкоголь өнімдерін өткізуге берілген лицензиядан 3 сауда нысаны айырылды. 

Жыл басынан бастап 60 рейдтік іс-шара өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 240 сауда нысаны әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оның ішінде 14-і алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылды.

Облыс прокуратурасы алкоголь өнімдерін заңсыз сату әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. Атап айтқанда, бұл елеулі мөлшерде айыппұл салуға, алкоголь өнімдерін тәркілеуге, сондай-ақ лицензиядан айыруға негіз болады.

Тэгтер:

Алматы облысы алкоголь