Навальныйдың бетіне белгісіз біреу улы зат шашып кетті
Навальныйдың бетіне белгісіз біреу улы зат шашып кетті
Мәскеуде белгісіз біреу оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға жасыл дәрі шашып кетті. Оқиға Жемқорлықпен күрес қоры кеңсесінің алдында, саясаткер Global Event Forum жиынында баяндама жасауға шығып бара жатқанда болған, деп жазады centralasian.org.
Оппозиция өкілін ауруханаға жеткізуге тура келген. Дәрігерлер саясаткердің "оң көзін химиялық күйік шалғанын" анықтады.
"Ол қазір ауруханада жатыр. Көзі көреді, бірақ ауырады. Полиция арызды қабылдады, бірақ бейнебақылауды көруге асығар емес. Біз қылмыстық іс қолғалуын талап етеміз", - деді Навальный сайлау штабының басшысы Леонид Волков.
Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Барнауылда Навальныйға белгісіз біреулер жасыл дәрі шашып кеткен еді. Сол кезде саясаткер шабуылға қарамастан, жақтастары алдында сөз сөйлеген.
Алексей Навальныйдың мақсаты - 2018 жылы президенттік сайлауға қатысу. Оппозициялық саясаткерді шамамен 400 мың сайлаушы қолдап отыр. Қазіргі таңда саясаткердің 25 сайлау штабы жұмыс істеуде.