«Қымбат көлікпен келді»: Танымал блогер Әлия Байтұғаева махаббат хикаясын айтты

Бүгін, 12:02 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Инстаграм әлеуметтік желісінде «Супер мамасита» лақап атымен кең танылған блогер Әлия Байтұғаева «Мамский әңгіме» подкастына сұхбат беріп, жеке өмірі, отбасы, күйеуімен қалай танысқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Күйеуіммен танысқан кезде 19 жаста болдым. Біз «Mail.ru» деген танысу сайтында таныстық. Суретін көргеннен бірден ұнады. Сол күні кешкісін кездестік. Қымбат көлікпен келді. Бірақ өте қарапайым, бойында пафос болған жоқ. Ол мені көрген сәтте әйелі болатынымды бірден түсініпті. Мен оған екі айдан кейін ғашық болдым, бірден ғашық болған жоқпын, сынап көрдім. 7 ай кездестік. Оқу бітіргеннен кейін ата-анасымен таныстық. Бірден үйлену мәселесі талқыланды. Сөйтіп ата-анасы менің анама келіп құда түсті. Ұзату өтті, той өтті. Солай отбасылық өміріміз басталды. Ол сол кезде бір мекемеде қаржы директоры болатын. Жағдайы жақсы болды», - дейді ол.

 

Тэгтер:

блогер Әлия Байтұғаева Әлия Байтугаева супер мамасита