Қазақстанда демалыс күндері күн +43 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 11:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 25–27 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атлантикалық циклон еліміздің басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Тек батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қайтадан аптап ыстық болады.

Күндізгі ауа температурасы:

батыс пен солтүстік-батыста +38…+43°C;

солтүстікте +30…+35°C;

орталықта +28…+39°C;

оңтүстікте +36…+41°C;

оңтүстік-шығыста +29…+37°C;

солтүстік-шығыс пен шығыста +23…+32°C болады.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет демалыс ыстық