Шуда теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз қағып кетті

Бүгін, 09:58 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Жамбыл облысы Шу стансасында теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

"Қазір желілік полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысы мен оны пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді.