"Мұңымыз бен тағдырымыз ұқсас": Наркенже Серікбаева Мақпал Жүнісоваға жүрекжарды жазбасын арнады

Бүгін, 20:04 / Жамбыл Жайлау
әлеуметтік желіден

Әнші Наркенже Серікбаева Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова туралы әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі әріптесінің шығармашылығына және қайсар мінезіне жоғары баға берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісованы қазақ өнеріндегі бірегей тұлғалардың бірі деп атады.

"Қазақтай қасиетті елдің бағына біткен өнерпаздар аса көп емес. Солардың бірі де бірегейі – Мақпал Жүнісова апам деп білемін. Аңқылдаған, жарқылдаған жаны жайсаң жан. Елден еркелігін де, мінезін де жасырған емес. Қалай бар, солай жүреді. Еркіндік бар. Шындықты бетке айтатын қаймықпас қайсар мінезіне тәнтімін. Өмірде қанша қиындық көрсе де еңсеріп, теңселіп көрмеген, тірліктің тезіне шыдаған текті адам ғой. Өнердегі жолы өзгеше болған соң да бұл кісіні аяқтан шалушылар көп болды. Бекзат болмысымен, өр рухымен бәрін де мойындатқан тұлға. Қамыққанда, жабыққанда әнмен жұбанатын жан мұңымыз, тағдырымыз ұқсас… Өзіңізді, өнеріңізді шексіз құрметтеймін, әпке! Алаштың аялы алақанында аман жүріңіз", – деп жазды ол. 

Тэгтер:

Наркенже Серікбаева