Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 465,74 теңгені құрап, 1,87 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 23 шілдеге белгілеген ресми доллар бағамы – 467,65 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 467,71 теңге, ал сату бағамы 469,90 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 466 теңгеден сатып алып, 473 теңгеден сатып жатыр. Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 467,5 теңге, ал сату бағамы 469,68 теңгені құрайды.
Еске салсақ, 7 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,13 теңгеге, 8 шілдеде 2,76 теңгеге, 9 шілдеде 0,86 теңгеге, 10 шілдеде 2,56 теңгеге төмендеген болатын. 13 шілдеде бағам 8,94 теңгеге көтерілсе, 14 шілдеде 7,45 теңгеге төмендеді. 15 шілдеде 0,77 теңгеге, 16 шілдеде 1,81 теңгеге өсті. Ал 17 шілдеде 2,24 теңгеге, 20 шілдеде 0,25 теңгеге, 21 шілдеде 0,73 теңгеге, 22 шілдеде 1,57 теңгеге төмендеген еді.