Францияда аптап ыстықтан 6 мыңға жуық адам көз жұмды

Бүгін, 14:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Францияның денсаулық сақтау органдары маусым айындағы аптап ыстық кезінде 5 764 адам көз жұмғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, өлім-жітімнің бұрын-соңды болмаған өсімі 15 жастан асқан тұрғындар арасында байқалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл – Францияда 2003 жылғы аптап ыстықтан кейінгі ең жоғары өлім көрсеткіші. Сол жылы ыстықтан 15 мың адам көз жұмған болатын.

Өткен айда тіркелген өлім жағдайларының шамамен үштен екісі 75 жастан асқан адамдарға, ал бестен біріне жуығы 45 пен 64 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі болды.

Қайтыс болғандардың тең жартысы небәрі үш күннің ішінде – 25–27 маусым аралығында көз жұмған.

2026 жылдың маусымы Францияда 1947 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан метеобақылаулар тарихындағы ең ыстық маусым болды. Аптап ыстық кезінде елдің көптеген өңірлерінде ауа температурасы 40°C-тан асты, ал 24 және 25 маусымдағы орташа тәуліктік температура жыл мезгіліне қарамастан бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді.

Тэгтер:

Франция аптап ыстық