Танымал ақын, «Болмаған балалық шақ», «Дардай» кітаптарының авторы Ақберен Елгезек журналист Айнұр Асанбердіге сұхбат беріп, өзінің соңғы жылдары жүрген рухани жолы туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Рухани жолға түскенде түртпектейді. «Есің дұрыс па?» деп адамдар да айтады. Азғыратын неше түрлі жаратылыстар да бар ғой. Бірақ рухани жолға түстім деген сөздің өзі қате. Бұл жерде менің қалауым болмай тұр ғой. Егер менің қалауым болатын болса, мен сол баяғы ақымақ Ақбереннің ойлау жүйесімен сауық-сайран құрып, ел қатарлы өмір сүріп жүре беретін едім. Адам бұл рухани жолды таңдамайды. Сені таңдайды. Әрине, ол сен үшін рухани тұрғыдан үлкен мәртебе. Бірақ әлеуметтің ортасында өмір сүріп жатқаннан кейін сен үшін қиын. Сен таңдалғаныңа қиналасың. Өйткені басында «неге мені қысып жатыр» деп түсінбейсің. Негізі ол бала кезімнен бар нәрсе. Кейінгі жылдары қысатын болды. Іздендім. Алланың назары түскеннен кейін түсесің бұл жолға», - дейді ол.