Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының жаңартылған бағамдары белгілі болды.
Елордадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары 465,99 теңгеден сатып алынып, 472,96 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 529,99 теңге, сату бағасы – 539,95 теңге. Ресей рублі 5,59–5,89 теңге аралығында саудаланса, Қытай юані 68,96 теңгеден сатып алынып, 73,58 теңгеден ұсынылуда.
Алматыдағы айырбастау орындарында долларды 467,78 теңгеден сатып алып, 469,71 теңгеден сатуда. Еуроның бағамы сатып алуда – 533,39 теңге, сатуда – 538,66 теңге. Рубль 5,61–5,75 теңге аралығында саудаланса, юань 68,66–71,20 теңге аралығында айырбасталып жатыр.