"Өміріме қауіп төнді": Астаналық әйел автобуста ер адамның өзіне қоқан-лоққы көрсеткенін айтты

Бүгін, 20:04 / Жамбыл Жайлау
threads.com/@hjiiqql

Астана тұрғыны автобустағы ер адамның өзіне агрессивті әрекет көрсеткенін мәлімдеді. Әйелдің сөзінше, жолаушы оған қол көтермек болып, телефонын ұрып жіберген. Оқиғаға қатысты елордалық полиция пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Threads әлеуметтік желісіндегі hjiiqql парақшасында оқиға түсірілген бейнежазба жарияланды.

Автордың айтуынша, автобуста болған сөзге келіспеушіліктен кейін ер адам оның артынан аялдамадан түсіп, агрессивті әрекетін жалғастырған.

"Қыздар, сақ болыңыздар! Автобустағы сөзге келіспеушіліктен кейін бұл ер адам менің артымнан аялдамадан түсті. Агрессивті әрекет жасап, маған қол көтермек болды және телефонымды бар күшімен ұрып жіберді. Салдарынан телефон ұшып кетті. Өміріме қауіп төнгендіктен, оны видеоға түсіруге тырыстым. Оны танитындар болса, маған жазыңыздар", – делінген жазбада.

Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.

"Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады полиция департаменті.

Тэгтер:

Астана Автобус