Алакөлде екі адам құтқарылды

Бүгін, 17:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Су айдынын патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көмекке мұқтаж екі азаматты анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, демалушылар катамараннан суға түскен, алайда өздерінің физикалық мүмкіндіктерін дұрыс бағаламай, жағалауға өз беттерімен жете алмаған. Құтқарушылар оларды жағаға аман-есен жеткізді.

Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Атап айтқанда, жағадан алысқа жүзбеуге, құтқару кеудешесін пайдалануға, буйлардан асып кетпеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға және тек арнайы жабдықталған шомылу орындарында ғана демалуға кеңес берді.

Тэгтер:

құтқару Алакөл