Қостанай облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, бес адам зардап шекті

Бүгін, 17:06 / Алуа Арман
Қостанай облысының Полиция департаменті

Қостанай – Қарабұтақ тас жолында болған жол апатына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында Жайылма ауылының маңында Chevrolet Cobalt және Jetour X70 автокөліктерінің қатысуымен болған.

Соқтығыс салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Апатқа қатысқан қалған бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Қостанай облысы Жол апаты