Маңғыстауда 3,7 млн теңге алимент төлемеген азамат сотталды

Бүгін, 16:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында И-ға қатысты балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау  бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот бұйрығымен И.-дан жәбірленуші А.-ның пайдасына кәмелетке толмаған екі баласын асырауға ай сайынғы табысының немесе өзге де кірісінің 1/3 бөлігі көлемінде алимент өндірілген. Алайда сотталушы И. сот белгілеген алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша алимент бойынша қарыз 3 719 580,32 теңгені құраған.

Жәбірленуші А. соттан заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы М. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, берешекті өтеуге ниетті екенін, бірақ қазіргі уақытта толық төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін түсіндірді.

Сот сотталушының кінәсін мойындауын, шын өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде танып, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен И. ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Тэгтер:

алимент Маңғыстау