Ақтауда дрондарды пайдалануға шектеу енгізіледі

Бүгін, 16:20 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

22–26 шілде аралығында Ақтау қаласында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалануға және ұшыруға уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, шектеу оқу-жаттығу іс-шараларының өткізілуіне байланысты енгізіліп отыр.

Сондай-ақ әкімдік ҚР Азаматтық авиация комитетінде тіркелмеген ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдаланғаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 563-бабына сәйкес, тіркелмеген дронды пайдаланған жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.