Алматыда саудагерлер заңсыз жұмыс істеген 7 орын анықталды

Бүгін, 15:45 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда жүргізілген 7 ірі орын толықтай жойылды. Бұған дейін бұл аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер заңсыз сатылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері аудандық Полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асатын 698 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, Кодекстің 505-бабы бойынша жалпы сомасы 5,3 млн теңгеден асатын 1 386 әкімшілік хаттама рәсімделді.
 
Сондай-ақ, жыл басынан бері Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылды.