Павлодар облысындағы абақтыда жаңа кәсіпорын ашылды

Бүгін, 15:17 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №46 мекемесінде "Еңбек-Павлодар" РМК-мен бірлесіп, өндірістік аймақта корпус жиһаздарын өндіретін жаңа жеке кәсіпорынның ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа өндірістің іске қосылуы сотталғандарды қосымша жұмыспен қамтуға, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбекпен қамту деңгейін арттыруға бағытталған. Сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру олардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне және қайта қылмыс жасаудың алдын алуға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта мекеме аумағында жаңа модульдік ангардың құрылысы жүргізілуде. Құрылыс аяқталғаннан кейін онда кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын аша алады. Бұл мекеменің өндірістік әлеуетін кеңейтіп, инвестиция тартуға және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

- Біз "Еңбек-Павлодар" РМК-мен бірлесіп мекеменің өндірістік аймағын дамыту жұмыстарын жалғастырудамыз. Кәсіпкерлермен өзара тиімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасалып келеді. Жаңа модульдік ангардың салынуы жаңа серіктестерді тартуға және қосымша өндірістерді іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл өндірістік сектордың дамуына, сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыруға және олардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуіне оң әсерін тигізеді, – деді №46 мекеме бастығының орынбасары Серікбол Шәріпбеков.

Тэгтер:

Павлодар облысы кәсіпорын абақты