Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған шетел азаматы Вьетнамда ұсталды

Бүгін, 15:15 / Інжу Әлихан
Бас прокуратура

Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының қызметкерлері Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен аталған елден халықаралық іздеуде жүрген шетелдік экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу бойынша, 2022–2023 жылдары күдікті сыбайласымен бірлесіп Алматы қаласының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 12 миллион теңгеден астам қылмыстық пайдатапқан.

Қылмыс жасағаннан кейін сыбайластың біреуі қылмыстық жауаптылыққа тартылған, екіншісі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған іздеу жарияланған.

Ағымдағы жылғы ақпанда ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды

Айып тағылған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.