Салтанат Нүкенованың өлімі: Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Бүгін, 14:27 / Інжу Әлихан
Фото: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығатын болды. Бұл ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Cтепногор қаласы соты Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны бірден босату туралы қаулы шығарды. Өтелмеген жаза мерзімі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады», – деді Ынтықбаев.

Еске салайық, 2024 жылдың маусым айының соңында сот үкімі заңды күшіне еніп, Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты алдын ала уәделеспей жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Тэгтер:

Салтанат Нүкенова Бақытжан Байжанов