Валат Мусаев нысанаға оқ отудан Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 14:17 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан құрамасы Таллинде (Эстония) өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқу атудан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнир аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Валат Мусаев алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан (аралас жаттығу) үздік нәтиже көрсетті.

Ал Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ екінші орын алса, финляндиялық Уильям Эрик Вилькман үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 26 шілдеде аяқталады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты алтын медаль Валат Мусаев