Жыл басынан бері 200 адам жалған құжатпен елге кірмек болған – ҰҚК

Бүгін, 12:00 / Інжу Әлихан
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде жалған немесе бөгде адамның құжаттарын пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылау барысында жалған немесе бөтен адамның құжаттарын пайдаланудың 200 фактісі анықталған.

Көп жағдайда құқық бұзушылар жалған визаларды немесе үшінші тұлғалардың жеке деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланған.

Мұндай құқық бұзушылықтар көбіне еліміздің оңтүстік шекарасындағы өткізу пункттерінде және халықаралық әуе рейстерінде тіркелген.

ҰҚК мәліметіне сәйкес, 2025 жылы жалған және бөгде құжаттарды пайдалануға қатысты 661 құқық бұзушылық фактісі анықталған.