Жақында ғана екінші рет шаңырақ көтерген танымал әнші Жігер Ауыпбаев «Уақыт көрсетеді» ютуб арнасына сұхбат беріп, бірінші отбасы жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұрын отбасым болды. Бірақ ол кездерде бұрынғы жолдасым өзін көрсеткенімді қаламады. Уақыт өте келе отбасылық түсініспеушіліктер туындады. Ерлі-зайыптылардың арасында ыдыс-аяқ сылдырлдамай тұрмайды ғой. Бір-бірімізді лайықты деп санамаған шығармыз. «Осылай дұрыс болады» деген нәрсені ол кісі де айтты, мен де айттым, сөйтіп екеуміз екі жаққа кеттік. Арамызда төрт бала бар. Заңды түрде ажырастық. Ажырасқанымызға 4 жыл болды. Ол кісі негізі өте керемет жан. 4 балама тәрбие беріп отыр. Балаларымның тәрбиесі өте жақсы. Осылай болуы керек болды. Өмірдің арнасы бұрып әкеліп осы жолға салды. Егер мен нәпсінің жетегінде кететін болсам, ажыраса салып, жас қызды тауып, үйленіп кете салатын едім. 3,5 жылдай уақыт күттім. Ата-анасымен де сөйлескен кездер болды. Қосылуымызға ешқандай орайы келмеді. Есімі Замира. Қазір ара қатынасымыз жақсы. Жазысып, сөйлесіп тұрамыз», - деді ол.
Әнші сондай-ақ ажырасқаннан кейін араға үш жарым жыл уақыт салып, қайта қосылуға талпынып көргенін де жеткізді.
«Үш жылдай екеуміз екі жақта тұрдық. 4 баланың жәутеңдеп жүргенін қаламадым. Мен соңына дейін күттім. Қайтадан қабылдаймын, арамызды жарастырайық, нәпсінің жетегінде кетпеймін, 4 бала толыққанды отбасында өссін деп, өзімді емес, сол 4 баланың болашағын ойлап, бұрынғы әйеліме хабарласып, кездестік. Әдемі отырыс болды. Бір-бірімізден кешірім сұрасып, бір түнде үйге алып келдім. Балалар өте қуанып, үйде жүгіріп ойнап жүрді. Бірақ ол кісі бір аптаға жетпей қайтадан кетіп қалды. Бір-біріңді көрсең болды, атылғың келіп тұрады. Кейіннен сұрағанда сиқырға әкеліп тіреді ғой. Үйден көп нәрсе тауып алдым. Төсегімнің бас жағынан көп инелер, себілген тұздар, перделерге тығылған басы күйдірілген инелер, паласқа шашылған тгопырақ табылды. Бізді көре алмағандар мақсатына жетіп, ажырастырып тынды», - дейді ол.