Щучинск тұрғыны жағажайда демалушыны пышақтаған

Бүгін, 10:28 / Алуа Арман
istockphoto.com

Щучинск қаласындағы танымал жағажайлардың біріндегі демалыс жанжалмен аяқталды. 20 шілде күні кешке су айдынының жағасында екі жергілікті тұрғын арасында дау туындаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соңында бірі пышақ жарақатын алған. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Жанжал салдарынан пышақ жарақаттары салынды. Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталды, қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысушылардың әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Тэгтер:

Пышақ Щучинск жағажай