Атырау облысында полиция үш адамды алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz АқЖайыққа сілтеме жасап.
Іздеуде жүргендер:
Шыңғысхан Оралбаев (1993 жылы туған). Полиция дерегінше, ол алаяқтық жасағаны үшін іздестірілуде.
Ақбөбек Тұрғалиева (1996 жылы туған). Ол да алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Дияр Хайруллиев (2001 жылы туған). Ол да алаяқтық ісі бойынша іздестірілуде.